KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Белгіленген уақыттан артық жұмыс істеу еңбек кодексіне қайшы болмай ма?

26.04.2017, 18:00 170



– Мекемеде штат кестесі бойынша екі дәрігер қарастырылған. Жұмыс кестесі ауысымдық, аптасына алты күн 6 сағаттан 36 сағат болады. Егер бір дәрігерге 1,5 мөлшерлеме (ставка) берілсе, күніне 9 сағаттан аптасына 54 сағат болады. Бұл қолданыстағы еңбек кодексіне қайшы болмай ма?

Алма Рахимова
Семей.

Сауалға «ШҚО кәсіподақтар орталығы» кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің заң мәселелері жөніндегі бас маманы Батырбек Нұрпейісов жауап береді:[i][/i]
– Қазақстан Республикасының қолданыстағы Еңбек кодексінің 60-бабының 1-тармағына сәйкес, жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс.
Сонымен бірге, аталған баптың 3-тармағында көрсетілгендей, негізгі жұмыс орны және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделікті жұмыстың жиынтық ұзақтығы осы кодекстің 71-бабының 4-тармағында белгіленген күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасынан 4 сағаттан артық аспауы керек.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив