KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

Облыс бойынша жаңа жыл мерекесі кезінде 60-қа жуық өрт оқиғасы тіркеледі

21.12.2017, 12:10 122

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жаңа жыл мерекесі кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін ескертеді. Өрттің шығуына қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтамау басты себеп болып табылады Мәселен, пиротехника мен бенгал шамдарын пайдалану өрттің шығуына себеп болуы мүмкін. Бірақ соңғы жылдары статистикасына сәйкес, жаңа жыл қарсаңында өрт тіркелмеген.


Қазір кәсіпкерлер мен ойын –сауық кешендерінің иелеріне мерекелік кештерді ұйымдастыруда қажетті талаптарды орындау жөнінде талап қойылды.


- Пиротехниканың кінәсінен болған соңғы оқиға 2015 жылы тіркелген, - дейді Өскемен ТЖБ-ның баспасөз хатшысы Марина Лискова.- Ал ойын-сауық кешендеріндегі мерекелік кеште шыққан өрт бірнеше жыл бұрын тіркелген, оның себебі өрт қауіпсіздігін сақтамаудан пайда болған.

Сондай-ақ құтқарушылар жаңа жыл қарсаңында пиротехниканы қолданғанда жазатайым жағдайлар орын алуы мүмкін екендігін естен шығармауды сұрайды. Облыс тұрғындарына сертификатталмаған өнімдерді сатып алмауға және отшашуды нұсқаулыққа сәйкес қолдануға кеңес береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив