KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
443.37 474.49 4.83

Электр энергиясының бағасы көтерілуі мүмкін

21.12.2017, 09:01 181

«Шығысэнерготрейд» ЖШС 2018 жылдың қаңтарынан бастап электр энергиясының бағасын 8,5 пайызға көтеруді көздеп отыр.


Аймақтың 1,5 млн. тұрғынын, 500 мың абоненттік тұтынушыны жарықпен қамтып отырған кәсіпорынның облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіне тарифті көтеруге орай берген өтінімі қанағаттандырылатын болса электр энергиясының бағасы шығыста 1 теңгеге қымбаттап, орташа босатылу бағасы 12,055 теңге болмақ.


-Біз алдағы уақытта «Шығысэнерготрейд» ЖШС тарапынан жолданып отырған өтінімнің экономикалық негізділігіне жан-жақты талдау жасаймыз. Электр энергиясының бағасы көтерілген күннің өзінде халықтың тұрмысына ауырлық салмайтындай көлемде етіліп бекітілмек,-дейді облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Қайрат Оразбаев.

Үш бірдей ірі су электр стансасы, облыс орталығында қуатты ЖЭО бар шығыста электр энергиясының қымбаттауына жол болсын!


Өскеменде өткен қоғамдық тыңдауда «Шығысэнерготрейд» ЖШС басшылары Назым Олешкевич пен Мстислав Мартемьянов жиналғандарға электр энергиясының бағасын көтеруге мәжбүрлеп отырған басты себептерді жеткізді. Олардың айтуынша «Шығысэнерготрейд» ЖШС нің су электр стансалары мен ЖЭО лардан сатып алып отырған электр энергиясын өз желілерімен тасымалдап жатқан «КЕГОК», «ВК РЭК», «КазцинкЭнерго» кәсіпорындарының өз қызметтерінің тарифтерін көтеріп отыруы, дифференциалды тарифтен келген шығындар, банкілерден алған несие қарыздары серіктестіктің электр энергиясы бағасын көтеруіне себепші болып отыр.


Қоғамдық тыңдауда энергетиктер кәсіподағының өкілі аталған кәсіпорын мамандарының алып отырған еңбекақысы да аз екендігін, осы жолғы тарифке жалақы шығынын да енгізу қажеттігін ұсынды. Қазіргі күні «Шығысэнеготрейд» ЖШС мамандарының орташа еңбекақысы 93 мың теңге көлемінде көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив