KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Екі ойында бір ұпай иеленді

6.02.2018, 06:21 219

Өткен жұма мен жексенбі күндері қонақта екі кездесу өткізген өскемендік «Торпедо» екеуінде де жеңіліс (біреуінде овертаймда) тауып, қоржынына бір-ақ ұпай түсірді.


Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 48-ші турында Ангарск қаласында жергілікті «Ермакпен» кездескен өскемендік команда қарсыласына 0:2 есебімен жол берді. Бұл торпедолықтардың биылғы біріншіліктегі айдыннан шайба соға алмай кеткен алғашқы ойыны болды. Бұған дейінгі 47 матчта жерлестеріміз тым болмағанда бір рет қарсылас қақпасынан саңылау тапқан болатын. Ал Ангарск қаласындағы ойынның тағдырын матчтың екінші кезеңіндегі Воробьев пен Михайловтың соққан шайбалар шешкен-ді.


Бұдан кейінгі красноярскілік «Соколмен» өткен кездесуде «Торпедо» хоккейшілері қарсылас қақпасына үш шайба соқты. Дегенмен, жеңіске бұл да аздық етті. Негізгі уақыты 3:3 есебімен тең аяқталған ойынның овертаймында айдын иелері Гловацкийдің дәл соққысы арқасында жеңісті жұлып әкетті. Бұл кездесуде бір ұпайға ие болған «Торпедо» сапында шабуылшылар Александр Шин, Денис Игнашин мен Евгений Рымарев көзге түсті. Қорытынды есеп - 3:4.


Қатарынан екі рет жеңіліс тапса да, өскемендік команда турнир кестесіндегі алтыншы орынын сақтап қалды. Қоржынында 88 ұпайы бар «Торпедо» келесі кездесуін Қарағанды қаласында жергілікті «Сарыарқамен» өткізбек. Бұл ойын 11 ақпан, жексенбі күні сағат 17.00-де басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив