KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.71 533.77 5.16

«СКА-Нева» да ұпайдан қағылды

14.12.2017, 11:23 99

Осыдан бірер күн бұрын Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының көшін бастап тұрған петерборлық «Динамоны» тізе бүктірген «Торпедо» артынша турнир кестесінің екінші орнында келетін «СКА-Невадан» да айласын асырды.


Бір қызығы, бұл екі матч та Петербор қаласында өткен болатын. Осылайша, жерлестеріміз қос қарсыласынан да чемпионаттың бірінші айналымында кеткен есені қайтарды. Аптаның басында Мисхат Фахрутдиновтың командасы «Динамоны» қосымша уақытта 3:2 жеңген-ді (Өскеменде өткен бірінші ойын 1:2 есебімен динамолықтардың пайдасына аяқталған). «СКА-Нева» ойыншылармен өткен кездесуде де дәл осындай есеп тіркелді. Тек бұл жолы торпедолықтарға жеңіске жету үшін негізгі уақыт та жеткілікті болды. Естеріңізде болса, бірінші матчта петерборлықтар 4:2 есебімен басым түскен.



Бұл матчта «Торпедо» сапында Роман Бердников, Евгений Рымарев және жеңіс шайбасын соққан шабуылшы Илья Олонов көзге түсті.


Алда жерлестерімізді қонақта өткізетін тағы екі ойын күтіп тұр. Оның біріншісін торпедолықтар кеше кешке «Рязань» командасына қарсы өткізді. Ал 17-желтоқсан, жексенбі күні хоккейшілеріміз Воронеж қаласында жергілікті «Буранмен» күш сынаспақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив