KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

«Уақып» қоры Өскемен аймағындағы 11 имамға арнайы стипендия тағайындады

13.11.2017, 03:26 252

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің 11 имамына еліміздің Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен құрылған «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры қаржылай көмек көрсетті.


Еліміздегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтар мен рухани шараларды қаржыландыру мақсатында құрылған қор осыдан бастап діни қызметкерлерге көмек көрсетуді қолға алып отыр. ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің имамы Ермек қажы Тасболатұлының айтуынша, «Уақып» қоры имамдарға стипендиялық көмек көрсетіп, олардың білім деңгейін көтеру сияқты, басқа да мәселелерді шешу үшін құрылған.


– Қорды құру барысында Катар, Кувейт, Иордания, Египет, Индонезия, Түркия, Бельгия, Ресей сияқты елдердің тәжірибелері жан-жақты зерттелді. Аталған қор мүмкіндігі шектеулі жандар мен жұмыссыз адамдарға да материалдық көмек көрсетеді, - дейді Ермек қажы Тасболатұлы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив