KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 7 м/с, СБ
477.45 527.1 5.24

Мерекелік жеңілдіктер ұсынып отыр

13.12.2017, 09:43 129

Еліміздің Тәуелсіздік мейрамы құрметіне Өскемен мен Семей қалалары жас кәсіпкерлерінің бастамасымен «Біздің жетістіктер – біздің елге» атты акция басталды.

10 мен 20 желтоқсан күндері аралығында өтетін акция аясында бірқатар тауарлы белгінің өнімдері арзандатылған бағамен саудаланбақ. Бастамаға қатысатын фирмаларды «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жеңілдіктер» деген жазуы бар тақтайшаларынан тануға болады. Аталған тақтайшаларда тауарларға қатысты қарастырылған жеңілдіктер жазылып тұруы тиіс.


– Бутигімді осыдан екі жыл бұрын ашқанмын. Бүгін Тәуелсіздік күніне орай мерекелік жеңілдіктер акциясын өткізудеміз. Акция аясында желтоқсанның 10-ы мен 20-сы күндері аралығында біздегі костюмдер мен көйлектерді 30 пайыздық жеңілдікпен сатып алуға болады, – дейді акцияға қатысуға ниет білдірген жас кәсіпкердің бірі Арман Төлеуханов.

Жас бизнесмендер облысымыздың барлық кәсіпкерін аталмыш бастамаға қолдау білдіруге шақыруда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив