KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
443.72 482.28 4.9

Кемшіліктер жойылды

11.12.2017, 03:47 102

Қ Р Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев басқарып келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша Арнайы мониторинг тобының мүшелері кыркүйек айында облыста әшкерелеген кемшіліктердің басым бөлігі жойылған. Бұл жайында Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы брифингте айтты.



-Облыстық ІІД –нің тіркеу-емтихан басқармасындағы тұтынушыларға қызмет көрсететін терезелердің қара қағаздары әйтеуір алынып тасталды. Сонымен қатар мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде келушілермен арадағы кедергілерді алып тастау жөнінде ескертілген болатын. Мен өзім сегіз ауданды араладым, сондықтан департаменттің барлық бөлімшелерінде де осындай кедергілер алынып тасталғанын сеніммен айта аламын. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына қатысты да кемшіліктерді мүмкіндігінше жойдық. Мысалы, Белинский көшесінде орналасқан ХҚКО ғимаратының бірінші қабаты 50 шаршы метрге кеңейтілді. Облыстық көші-қон полициясының ғимаратына да жөндеу жұмыстары жүргізіліп, келушілерді қабылдау үшін қолайлы жағдайлар жасалмақ. Рейд кезінде анықталған кемшіліктердің жедел түрде жоюға болатындарын осылайша жүзеге асырып үлгердік. Ал енді қаржы салуды талап ететін жобалар алдағы күннің еншісінде. Мысалы, Жібек маталар қалпшығы мен Қазақстан көшесінде орналасқан ХҚКО –на баратын жолдар сапасыз, ыңғайсыз деген ескертулер айтылған. Олар қаражат салуды талап етеді, - деді департамент басшысы.

 


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша Арнайы мониторинг тобының жуықта Астанада өткен отырысында да Шығыс Қазақстан облысының кемшіліктерді дер кезінде жойғандары аталып өткен болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив