KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Зырян қаласында мектептің екінші қабатынан құлап кеткен бала Өскеменге әлі жеткізілмеген

7.12.2017, 09:16 170

Зыряндағы мектептердің бірінде қайғылы оқиға тіркелді. 3-ші сыныптың оқушысы екінші қабаттан бірінші қабатқа құлап кеткен. Қатты соққы алған бала қазір ес-түссіз жатыр.

Оқыс жағдай 6-шы желтоқсан күні № 1 мектепте болды.  Жағдайдың қалай болғандығы туралы толық мәлімет жоқ. Мектеп басшылығы да әзірге ешқандай ақпарат бермеді. Тек дәрігерлер ғана зардап шеккен баланың жай - күйі туралы айтып берді.


– Облыстық санитарлық авиация желісі бойынша 6-шы желтоқсан күні кешке Зырян қаласына бардық.Баланың жағдайы да, жарақаты да ауыр. Ол төменге тура баспен түскен.Жабық бас ми жарақаты, бас миының зақымдануы және тағы басқа сынықтар бар. Қазір ол аудандық ауруханада жатыр. Облыстық «Бала мен Ана орталығына» жеткізу мүмкін болмады, дегенмен барлық қажетті шараларды жасадық. Қарқынды ем жүргізілді,- деді «Ана мен бала орталығы» нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Серік Қизатуллин.

Дәрігерлердің айтуынша,балаға толыққанды ем жүргізу үшін оны облыс орталығына жеткізген абзал. Бірақ облыстық ТЖД басқармасының мәліметінше, күн райының қолайсыздығына орай әуе көлігін қолдану мүмкін болмай тұр. Оқушының бүгін де Өскеменге жеткізілуі екіталай.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив