KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Аягөз ауданында ауыз су мәселесі кезең-кезеңмен шешілетін болады

5.12.2017, 04:10 245

Алдағы уақытта Аягөз ауданында көптен бері шешімін таппай келе жатқан ауыз су мәселесі кезең-кезеңмен шешілетін болады.


Бүгінде аудандағы Талды, «3-ші шақырым», Жамбыл, Чкалов көшелерінің үш шақырымына су құбырлары тартылған. Ал Нұрахметов, А.Шәкенов, Сәметов, Крайняя, Құрманғазы, Болатов, Б.Момышұлы, Ғаббасов, Восточная, Байтұрсынов, Ақшатау, Сәрсембаев, Сәтпаев, Тоқтаров, Ж.Күдерин, Ш.Уәлиханов, Ғ.Шөкімұлы, Жолдасовтар, Дүйсенбаев, Опрошкин, Школьная, Оразалиев көшелеріндегі су құбырларын тарту жұмыстары желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. Алдағы уақытта Аягөз ауданындағы 21 ауыл, 56 елді мекен, бір кент таза ауызсумен қамтылмақ.


Биыл аудандағы сумен жабдықтау нысандарын және су құбырлары жүйелерін жаңғыртудың ІV кезеңі басталды. Ағымдағы жылы жоспарға сәйкес Қарағаш ауылында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша су құбыры тартылғанын айта кеткен орынды.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив