KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Аягөзде ауыз су құбырлары тартылуда

18.04.2018, 06:34 179

Жалпы, Аягөз ауданында ауыз су тарту жұмыстары осыдан он екі жыл бұрын басталып,бүгінгі күнге дейін кезең-кезеңмен іске асып келеді.  Былтырғы жылы Қарағаш, Тарлаулы және Мамырсу ауылдарында су құбырлары жүйелерін жаңғырту бойынша 1 296 791 мың теңгенің жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.


497 442,0 мың теңгеге Аягөз қаласының су құбырларын жаңғырту жұмыстарының 4 кезеңі жүргізілуде. Бұдан өзге 674 555,0 мың теңгеге Аягөз қаласының кәріз жүйесін жаңғыртудың 1-ші кезеңі жүргізілгенін айта кеткен ләзім. Бүгінгі күні осындай игі шаралардың арқасында аудан көлемінде тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз етудің көрсеткіші 90 пайызды құрады.


Жалпы, елдімекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету көлемі 2016 жылы 34,4% пайызды құраса, өткен жылы бұл көрсеткіш 49-ға жетті. Биылғы жылға Дөненбай ауылына «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында 294,6 млн теңге, жергілікті бюджет есебінен Ескі Майлин, Кеңқолат елді мекендеріне су құбырларының ағымды жөндеу жұмыстарына 50,5 млн теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар, аудан алда Өркен, Мыңбұлақ, Ақшәулі, Қопа, Байқошқар, Малкелді ауылдарына су құбырларын тартуды  жоспарлап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив