KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

2022 жылға дейін Аягөз ауданының тұрғындары 100% таза ауыз сумен қамтылады

7.08.2018, 06:05 161

Аягөз ауданының бірқатар елді мекендерінде тәуелсіздік алғаннан бері су құбырларына жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Тіптен, кейбір жерлерде мүлде жоқ болған десе де болады. Тұрғындар осы уақытқа дейін суды үйлерінің маңынан қазылған құдықтардан, болмаса бұлақтардан алып жүрген. Бұл олқылықтың орның толтыру үшін Аягөз ауданында аталмыш жұмыс кезең-кезеңмен жүзеге асуда.2022 жылға дейін Аягөз ауданының тұрғындары 100% таза ауыз сумен қамтылмақ. Мұндай іс бір күнде біте қалмайтыны анық.


Өткен жылы Тарлаулы, Қарағаш және Мамырсу ауылдарына су тарту жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ су құбырлары мен жүйелеріні құрлысының 4-ші кезеңі аясында Аягөз қаласының бірқатар көшелеріне су тартылған болатын. Айта кету керек бұл жұмыс әлі де жалғасын табуда. Биылғы жылы құрлысы бастау алған Кеңқолат елді мекені бүгінде 185 тұрғынды таза ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен қаражат бөлінген Дөненбай елді мекені мен жергілікті бюджеттен қаражат қарастылыған ескі Майлин ауылдарындағы су құбырларын тарту жұмыстары жүріп жатыр.


Сонымен қатар, Қопа, Өркен, Мыңбұлақ ауылдарына республикалық бюджеттен су құбырларын тарту жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.


Бүгінгі таңда 2017 жылы атқарылған жұмыстарыды қоса алғанда 65 мыңнан астам адам таза ауыз сумен қамтылған, яғни бұл дегеніміз аудан тұрғындарының 89,2 %. Биылғы жылы атқарылатын жұмыстарды қоса есептегенде таза ауыз сумен қамтылған тұрғындар саны 91,1%-ға жетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив