KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 7 м/с, СБ
447.25 485.18 4.96

Сары түсті жол белгілеріне салғырт қарауға болмайды

26.11.2017, 08:00 88

Соңғы кезде шаһарда жылдамдықты шектеуге бағытталған  сары түсті жол белгілері көбейіп кетті. ҚР жол қозғалысы ережесінде сары түстегі нұсқаулықтар болмағандықтан, көптеген көлік жүргізушілері аталған белгілердегі шектеулерді орындауға құлықсыздық танытып жүр. Алайда сары түсті жылдамдықты шектеу белгілері  жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жерлерде қауіпсіздік қамы үшін қойылған және олар қатаң түрде сақталуы шарт.


-Олар уақытша тұр. Техникалық стандартқа сай қолданылуда.Стандарт бойынша, жол жөндеу жұмыстары кезінде жол белгілері сары түсте белгіленеді. Олар ашық түсті, уақытша болғанмен көлік жүргізушілері ол белгілерді сақтауға міндетті,- деп түсіндірді ШҚО ІІД әкімшілік полиция бастығының орынбасары  Сергей Коваленко.

Сонымен қатар оны көк түсте көрсетілген жылдамдық белгілерімен шатастырмаған жөн. Сондықтан айыппұл арқаламас үшін,  жол қозғалысының ережесін орындауға енжарлық танытпаған дұрыс.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив