KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

«Ахау, Семей!» Шұбартау еліне арнайы барып қайтты

13.11.2017, 09:12 241

Шұбартауда халықтық «Бұлбұл» ән-би ансамбілінің құрылғанына 45 жыл толу мерекесіне орай «Таланттар туған топырақ. Туған жер алтын бесігім!» атты үлкен мерекелік кеш өтті. Кешке Семейдегі Қалалық Мәдениет сарайының жанынан құрылған «Ахау, Семей!» ұлттық салт дәстүр ансамблінің байырғы әншісі, ҚР Мәдениет қайраткері Гүлғайша Әубәкірова өз бастамасымен арнайы түрде ат арылтып барып, тамаша концерттік бағдарлама ұсынды.


Шұбартауда өткен ән-жыр кешіне Алматы қаласынан Бүкілодақтық көркемөнерпаздар байқауының лауреаты Фатима Дүйсембекова, ҚР Мәдениет саласының үздігі Нұргүл Демесінова, Майраш Төлендинова, шұбартаулық әнші Жүсіпбек Елеубековтің шәкірті марқұм Санақ Абеуовтің немерелері Мадияр, Мөлдір Абеуовтар да қатысты. «Шұбартау сазы» халықтық ұлт-аспаптар оркестірінің ұйымдастырушысы әрі дирижеры Ахметқан Алпысбаев, Бүкілодақтық көркемөнерпаздар байқауының лауреаты әнші Гүлсім Алпысбаевалардың да өнерлеріне халық әрдайым риза екен. Кешке Аягөз, Үрдар аудандарынан да өнерпаздар келіп қатысты. Семейдің «Ахау, Семей» ұлттық салт-дәстүр ансамблінің саханалаған «Қыз ұзату» этнографиялық көрсетілімін жұртшылық ерекше ыстық сезіммен қабылдады. Аталмыш өнер иелерінің Шұбартау жұртшылығының ортасынан табылуы баршаны риза етті. Кеште Шұбартау өңірінде талантты өнерімен есте қалған өнерпаздар, атап айтқанда Жеңіс Мұхаметов, Санақ Абеуов, Қәмілжан Әбілжанов, Рәшилә Ардабекова, Серікбол Қажығапбасов, Әнуарбек Иманғожин, Аийман Молдиярова, Ұлжан Көбеева есімдері де еске алынды.

-Жұртшылық көпетн күткен осынау өнер мерекесінде «Шұбартаудың өнер шамшырақтары», «Баршатас халық театры, 1972 жылы құрылған халықтық « Бұлбұл» ән-би ансамблі, «Шұбартау сазы» халықтық ұлт- аспаптар оркестрі сияқты ұжыдардың тарихын бейнеленген фотостенд ауылдағы Мәдениет үйіне тарту етілді,-деді Қалалық Мәдениет сарайының жанынан құрылған «Ахау, Семей!» ұлттық салт дәстүр ансамбілінің байырғы әншісі, ҚР Мәдениет қайраткері Гүлғайша Әубәкірова,- фото слайд жасаушы дирижер Ахметқан Алпыспаев болса, сценарий бағдарламасын әзірлеген Нүргүл Демесіновалар. Он саусағынан өнер тамған жандар. Музыкамен көркемдеуші Мұрат Әбеуов бауырымыз осы мерекені ұйымдастыруда жетекші болған Баршатас ауылының әкімі Бақытжан Жұмақанов пен кездесуге көмек жасаған бүгінгінің сал-серісі, ақын-сазгер Құсмилия Нұрқасымға халық атынан рахметін айтып, зор табыстар мен денсаулық тіледі. 1997 жылы тарап кеткен аудан орталығындағы Мәдениет үйін сол қалпында айнадай жарқыратып ұстап отырған және өнерпаздардың өнерін биік бағалаушы басшы Бақыт Кәрімхановтың да еңбегін атап өткен жөн. Жастарға патриоттық тәрбие беріп,ауылымыздың мәдениетін көркейтіп, ұлдары ұлықты, қыздары қылықты болып өсіп келе жатқан елімді көріп, риза болып қайттым. Туған жеріміз Баршатас ауылы жасай берсін!


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив