KZ
Өскемен
+7°
ясно Штиль
481.84 531.33 5.07

Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы облыстық спартакиадаға аудан әкімдері де қатысуда

13.11.2017, 08:33 156

Өскеменде Тұңғыш Президент күніне орай, мемлекеттік қызметкерлер арасында XVI облыстық спартакиада өтуде.


Спартакиаданың үшінші күні волейболдан аудандар мен қалалар арасында өз жеңімпаздары анықталды. Айта кетейік, спартакиадада аудан басшылары да ерекше белсенділік танытуда. Күршім, Зырян аудандарының әкімдері өз қабілеттерін осынау спорт мерекесіндесынап көруде.


– Бұл жарысқа үнемі қатысуды үрдіске айналдырдық. Өткен спартакиадада біздің аудан волейболдан жеңімпазы атанды. Биыл да командамыз жақсы дайындықпен келді. Бұдан бөлек, біздің мемлекеттік қызметкерлер суға жүзу, бильярд, үстел теннисі, шағын футбол, шаңғымен жүгіру бойынша сынға түсетін болады, – деді Күршім ауданының әкімі Сейсенғазы Чукаев.


Тартысты өткен волейбол бәсекесінде қалалар арасында Семей қаласы топ жарды, Риддерден келген спортшылар 2 орынға ие болса, Зырян қаласының спортшылары жүлделі 3 орынға ие болды. Ал, аудандар арасында, Күршім ауданының құрамасы 1 орынға ие болды, Абай ауданы жүлделі 2 орынды ешілесе, Зайсан ауданының спортшылары үздік үштікті түйіндеді. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш спорттық іс-шараға барлығы 48 команда 1600-ден астам спортшы қатысуда.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив