KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 4 м/с, Ю
443.37 474.49 4.83

Марқакөл мен Канадада ғана кездесетін балық енді Тайынтының көлінде өсірілмек

8.11.2017, 19:25 217

«Қазақ балық шаруашылығы ҒЗИ» ның облыстағы Алтай филиалы шығыста көксерке және майқан (ускуч) балықтарын қолдан өсіріп, көбейтудің жобаларын жасап, оларды гранттық, инвестициялық субсидиялармен қаржыландыруға ұсынып отыр. Көксеркені көбейту лимитті арттырып, экспортқа бағытталған балық өнімдерін молайтуға мүмкіндік берсе, майқан өсіру жобасы Қазақстанда тек Марқакөлде ғана бар балықты өзге көлдерде өсіру арқылы туризмді дамытуға тың соқпақ салмақ.

«Алтай» филиалы мамандары жасап отырған Марқакөлдің майқанын (ускуч) аймақтардағы өзге көлдерде өсіру жобасы әсіресе, туризмді дамытуға аса тиімді болып саналады. Марқакөлде бұл балық 1945 жылға дейін кәсіптік деңгейде ауланған екен. Сол кезде азайып, құрып кетуге айналған майқанға 60 шы жылдардан бастап қана көңіл бөліне бастапты.


Жергілікті жұрт «ускуч» дейтін майқан балығы бүгінде біздің Марқакөл мен Канада елінде ғана бар. Басқа ешбір жерде жоқ. Аймақ ихтиологтары осындай даралығымен әлемдегі айырықша, әйгілі балық болып отырған сирек кездесетін майқанды шарбақтық тәсілмен Өскемен су қоймасында, Тайынты көлдерінде, Үйдене, Лосиха су қоймаларында өсірудің жолын жасап, көрсетіп отыр.

-Қолымызда тәжірибелік материалдардың бәрі бар. Қолдан өсіріп, көбейтуге келетінін дәйектеп бердік. Ғылыми жұмысын жасап көрдік. Қазіргі күні Марқакөлде майқан балығы бірте бірте көбейіп келеді. Бірақ оның өзінің мөлшері бар, одан азайып та, көбейіп те кетпей, табиғи тепе теңдігі сақталуы тиіс. 2012-жылы күн бірден жылынып кетіп, қайта күрт суытқанда көлден тау өзендеріне қарай шыққан майқандар қайта алмай, қырылып қалды, сол жолы 40 тонна майқан қырылды. Бұл балықтың өсуін табиғат өзі сұрыптап отырады. Майқанды Марқакөлдің өзінде көбейтуге болмайды. Сондықтан ол жерден алып, басқа жерде өсіру керек, Марқакөл туристерді осы ешқайда жоқ майқан балығымен қатты қызықтырып келеді, алайда, жердің шалғайлығынан, жолдың нашарлығынан, ол жерге баруға тиісті рұқсат құжаттарын жасату қажеттігінен оған екінің бірі бара алмайды, -дейді Сымбат Ануарбеков.


Сынақтан өткізіліп жатқан жоба іске асса туристер майқанды облыс орталығындағы жақын айдындардан ақ аулай алады. Жоба бойынша Марқакөлден ірі майқан балықтары ауланып алынып, олардың уылдырықтары инкубаторда өсіріліп, құртшабақ болып жетілген соң Тайынты көлдерінің біріне жіберіледі. Майқанға таза айдын, тастай суық су және уылдырық шашатын өріс- ағынды тау өзендері қажет. Мұндай жағдайлары бар Тайынты, Өскемен су қоймалары майқанды өсіруге қолайлы, дегенмен, Марқакөлдей мөлдір көлге ғана тән майқан бұл жақтағы су қоймаларына жерсінбей, өспей қалуы мүмкін деген қауіп те жоқ емес.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив