KZ
Өскемен
-3°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
485.04 525.98 5.04

ШҚО-да алдағы жылы екі бірдей инсульт орталығы ашылатын болды

23.10.2017, 08:31 197

Аягөз және Зырян қалаларында келесі жылы екінші деңгейлі екі инсульт орталығы ашылатын болды.


Бұдан басқа Өскемен қаласында салынбақ 300 орындық көпбейінді аурухананың құжаттары толық әзір.


-Аягөздегі орталық өңірдің оңтүстік райондарын қамтуға, ал Зырян қаласындағы мекеме Катонқарағай, Үлкен нарын, және Зайсан аудандарының шалғай ауылдарын қамтуға мүмкіндік береді, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында өткен партиялық тыңдау барысында.


Сонымен қатар облыс орталығында 300 кісіге арналған көпбейінді аурухана, Семейде 200 орындық балалар ауруханасының құрылысы жоспарланған. Басқарма басшысының айтуынша, көпбейінді аурухананың құжаттары барлық сараптамалардан өткен. Енді инвестор тосып отырмыз. Алдағы уақытта бюджеттің есебінен облыс орталығында 200 орындық туберкулезге қарсы диспансер, 200 орындық балалар ауруханасын салу көзделген. Таяу болашақта гематологиялық орталықтың құрылысы да бой көтеруі мүмкін.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив