KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 1 м/с, С
441.44 473.09 4.75

Өскемен мен Семейде «Приречное Агрофирмасының» тұрақтандыру қорынан картоп-көкөністер сатылымға шығарылады

20.10.2017, 10:30 187

Халыққа қолжетімді бағадағы картоп-көкөністерді тұрақты жеткізіп отыру оңай шаруа емес. Қазір қымбатшылық уақыт, нарық бағасы күн санап шарықтауда. 2011-2012 жылдардан бастап тұрақтандыру қорына жұмыс істеуге бағыт бұрған «Приречное Агрофирмасы» ЖШС-і бүгінгі таңда ел мүддесінен шығып отыр. Алдағы уақытта тұрақтандыру қоры арқылы мамыр айына дейін Өскеменге 5 ауыр жүк көлігі, Семейге 5 жүк көлігі шығып, халықты арзан әрі сапалы өнімдермен қамтымақшы. Былтырлары екі қаланың жалпы қамтылған өнімі 5700 тоннаны құраса, биыл 7500 тоннаға жеткізілмек, өйткені сұраныс жоғары. Бұның ішінде картоп Өскемен қаласына 1600 тонна деп белгіленсе, Семейге 2050 тонна көлемінде жіберілмек.


Орамжапырақпен Өскемен 750 тонна, Семей 800 тонна, сәбізбен Өскемен 300 тонна, Семей 600 тонна, қызылшамен Өскемен 100, Семей 150 тонна көлемінде қамтылатын болады. Мамыр айына дейін қалалардағы тұрақтандыру қорының арнайы дүкен бөлімдерінде осы өнімдер сатылымға шығарылады. Және биылдан бастап, ауылдарда да осындай арзан бағадағы өнімдерді сататын дүкендер желісі іске қосыла бастайды. Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, қазірде ауылшаруашылығы саласынан жиналған мол өнімнің біразы ауыл дүкендеріне жіберілуде.


-Бүгінгі таңда облыс тұрғындарын қолжетімді картоп-көкөніспен қамту аса маңызды,-деді ШҚО кәсіпкерлік және индустриальды инновациялық даму басқармасы бастығының орынбасары Жарқын Мұсағалиев,-сондықтан біз «Приречное Агрофирмасы» ЖШС-іне келіп, берілген қаражат қалай жұмсалып жатыр? Тұрақтандыру қорына қажетті картоп-көкөніс уақытымен отырғызылуда ма соны тексерудеміз. Тұрақтандыру қорынан картоп килосы биыл 75 теңгеден саудаланады. Бізге мол өнім жинап, тапсырған «Приречное Агрофирмасы» ЖШС-іне және тағы басқа да қалаға жақын жерлердегі шаруашылықтардың еңбеккерлерін ризашылығымыз шексіз.

«Приречное Агрофирмасы» ЖШС-інің директоры Мұхит Тұмабаевтың айтуынша, олар жыл сайын тұрақтандыру қорының өнімдерін молайтуға ересен зор еңбек сіңіруде. Биыл қалада бір ғана картоп бағасы килосына 120 теңге болса, олардың халыққа ұсынатын бағасы 75 теңге болмақ. Өнімнің сапасына да ерекше мән берілуде. Күзгі өнім жинау барысында топырақ құнарын азайтпауды жіті қадағалайды. Ол үшін уақыты келгенде жақын маңдағы елді мекендер мен аудандардан арнайы тыңайтқаштар жеткізіледі. Өнім алу бар да, оны сақтау бар. Күзге салым жиналған өнімді сақтау да өз кезегінде бір мәселе. Қыс бойы сақтаудың өзі біршама уақыт. Қазіргі күнде агрофирмадаға қоймалар мол өнім сақтай алады. Қыстың көзі қырауда да өнім өз сапасын жоғалтпайды. Себебі, барлық қоймалар бүгінгі заманауи талаптарға сай негізделіп салынған. Агрофирма өнімі базар бағасынан әлдеқайда төмен. Приречное ауылдық округіне арнайы келіп, науқан барысын тексерген жұмыс тобы, дәл қазіргі уақытта суармалы жерге 700 тонна қызылша, 1500 тонна сәбіз, 4600 тонна картоп, 400 тонна орамжапырақ, 800 тонна сарымсақ салынғандығын көрді. Жұмыс қараша айынының соңында аяқталатындықтан әлі де болса картоп егу, отырғызу жұмыстары жалғасып жатыр.


Тұрақтандыру қоры арқылы арзан бағамен екі қаланы қамтуды қолға алған агрофирма, ұтымды жұмыс тәсілі арқылы алыпсатарларсыз-ақ, халыққа қолжетімді өнім саудалауда. Агрофирмада жиын-терім өнімдерін жұртшылық игілігіне толық жарату мақсатында соңғы жылдары мұнда өңдеу цехы да іске қосылған екен.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив