KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Семейде жұмыссыз адамдар қысқа мерзімдік курстарда тегін білім алуда

6.10.2017, 08:55 194

Семейде жұмыссыз адамдар қысқа мерзімдік курстарда тегін білім алуда.


Айта кетейік, газ-электрмен дәнекерлеуші, автоэлектрик сынды басқа да тапшы мамандықтар бойынша оқуға ниет білдірген қала тұрғындарын оқытуға республикалық бюджеттен қаражат бөлінген.


Ағымдағы жылдың соңына дейін Семейде жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған 1500 тұрғын қалаған мамандығы бойынша кәсіби біліктілігін жетілдіріп, жұмысқа орналасатын болады. Бүгінде қаладағы 16 колледжде 33 мамандық бойынша қысқа мерзімдік курстарда оқып жатқан адамдарға ай сайын 16759 теңге көлемінде шәкіртақы төленіп тұрады.


– Дәнекерлеуші, аспаз, мал дәрігері сынды мамандықтарға сұраныс жоғары. Жастар сантехник, механик, тау-кен саласында еңбек ететін жандардың еңбекақысы жоғары екенін түсінуі керек, - дейді қалалық жұмыспен қамту орталығының кәсіптік оқыту бөлімінің басшысы Айнұр Бураханова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив