KZ
Өскемен
+22°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
443.03 480.38 4.91

Мейірбике мен массажист мамандар даярлайды

29.11.2017, 08:52 191

Семейде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру үшін еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлануда.

Жұмыссыз ретінде тіркелген семейліктер қысқа мерзімдік курстарда білім алуда. Осы орайда, жуықта ғана 35 адам кіші мейірбике және массажист мамандықтары бойынша оқып, сертификат алып шыққанын айта кеткен орынды. Қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Ерсін Құдайбергеновтің айтуынша, олар аспазшы, кондитер, есепші, машинист, қызмет көрсету менеджері сияқты басқа да сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуда.

– Алдағы уақытта мектеп бітіруші түлектердің жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығы арта түсетініне сенім мол, - дейді Ерсін Құдайбергенов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив