KZ
Өскемен
+27°
небольшая облачность жел 3 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Көкпектіде 410 жаңа жұмыс орны ашылды

4.12.2017, 04:09 116

Ағымдағы жыл басынан бері Көкпекті ауданында 213 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Бүгінде аудандағы жұмыссыздық деңгейі 0,6 пайызды құрап отыр.


Биыл Көкпекті ауданының 154 тұрғыны ақылы қоғамдық жұмыстарға орналасып, 410 жаңа жұмыс орны ашылған. Бұдан бөлек, 223 адам қысқа мерзімдік курстарда білім алған. Аудан әкімі Рамиль Сағандықовтың айтуынша, жыл басынан бері 28 тұрғын әлеуметтік жұмыстарға тартылып, 22 жас маман «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша еңбек етуде.


– Аудан халқын жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаруа атқарылуда. Жалпы, біз жеке кәсібін ашуға ниет білдірген азаматтарға қолдау білдіруге әрқашан дайынбыз, - дейді Рамиль Сағандықов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив