KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Инвестиция тартуға икемделіп келеміз

4.10.2017, 11:58 91

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов біздің өңірдегі халықаралық қаржы институттарынан инвестиция тарту қарқынына тәнті болыпты. Бұл туралы ол мемлекеттік-жекеменшік серіктестігіне арналған жиында айтты.


-Бір ғана Еуропалық даму және қайта құру банкінен 57 млрд. теңгенің инвестициясын тарту деген үлкен жетістік. Біз 2015 жылдан бері осы банктен трамвайларды жаңарту үшін инвестиция сұрап келеміз. Ұзақ келіссөздер биыл ғана нәтиже берді. Жыл аяғына дейін қалаға 23 жаңа трамвай кіргізуіміз мүмкін. Павлодардан бөлек Екібастұз қаласын дамытуға да еуропалық банктің қаржысын тартсақ деген жоспар бар. Ал сіздерде қазірдің өзінде тоғыз жоба қолға алыныпты. Шынымен қызығарлық нәтиже, - деді Болат Бақауов.


Мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін талқылаған бұл жиынға аймақ басшысы Даниал Ахметовпен бірге Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов та қатысқан болатын.


-Еуропалық даму банкі біз ұсынған тоғыз жобаға 40,5 млрд. теңге құюға келісіп отыр. Бұл концессиялық жобалардың алды іске аса бастады. Жыл соңына дейін тағы 16 млрд. теңгенің жобасын мақұлдамақпыз. Азия даму банкімен де қарым-қатынасымыз нығайып келеді, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.


Үш жыл бұрын біздің өңірде мемлекет пен жекеменшік серіктестігін үйлестіретін аймақтық дербес орталық құрылған болатын. Сол орталықтың басшысы Шәкәрім Бұқтұғұтов жоспардағы концессиялық жобалардың жай-күйі туралы мәлімет берді. Бұл тұрғыда облыстың ең үлкен серіктесі Еуропалық даму және қайта құру банкі болып тұр. Бір ғана Өскеменнің өзінде су және кәріз жүйесін жаңалау, көше шамдарын үнемді технологияға көшіру, әуежайды қайта жарақтау, Ертістің бойынан жаңа көпір салу сияқты сүйекті жобалар қолға алынды. Күршім мен Самардың арасын жалғайтын Бұқтырма көпірі де осы банктің қаржысына салынбақ. Ендігі кезекте Семей мен Өскеменнен бөлек, Зырян, Риддер қалаларына да қаржы институтының инвестициясын тарту көзделіп отыр. Одан кейінгі кезекте барлық 19 ауданның орталығын үнемді шамдармен жабдықтау жоспарланған. Жиында Еруопалық банк өкілдері де сөз алып, жергілікті әкімдіктің белсенді жұмысы екі арадағы келіссөздерді тездеткенін атады.

Министр Тимур Сүлейменов болса, Азия даму банкі Қазақстан аумағындағы жобаларды қаржыландыру шегін төрт миллиард теңгеге дейін ұлғайтқанын жеткізді.


- Инвестициялық жобаларды мемлекеттік органдардың бекітуіне көп уақыт кетеді. Болашақта осы мәселе ескерілсе екен. Концессиялық келісімшартты кепіл ретінде қабылдау керек деген ұсыныс бар. Бұл да концессионерлер үшін маңызды мәселе, - деді жиынды қорытындылаған аймақ басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив