KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 6 м/с, С
479.71 533.77 5.16

ШҚО-да тергеу әрекеттерінің барлығы ашық кабинеттерде өтіп, бейнетаспаға жазылатын болды

4.10.2017, 04:36 104

Курчатов полициясында тергеушілер ашық кабинеттерде отырып жұмыс істейтін болды, ал барлық тергеу әрекеттері бейнетаспаға жазылмақ.


Бұл жұмыстарды қала прокуратурасы полиция учаскелерімен бірлесе отырып, қылмыстық процесті оңтайландыру жобасы аясында атқарыпты.


Тергеу әрекеттері өтетін полиция кабинеттерінде енді тәулік бойы бейнежазба жүргізіледі. Ол жазба сақталады. Бұдан басқа, бейнекөрсетілімді қылмыс жасады деп ұсталған адамның туыстары мен жақындары ғимарат фойесіндегі монитордан, ал бөлімше басшылары өз кабинеттерінде отырып онлайн режимде көре алады.


– Осы жылдың 1 маусымынан бастап облыс прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп, «Азаматтардың мүдделерінде қылмыстық процесті оңтайландыру» қанатқақты жобасын қолға алды.


Мақсаты – қылмыстық істердің қаралу мерзімін қысқарту, құқық қорғау органдарының жұмысын барынша ашық әрі түсінікті ету, – деп мәлімдейді облыс прокуратурасының қызметкерлері.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив