KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

«Аясы тар, айтары көп» көрме

3.10.2017, 10:54 171

Үстіміздегі жылдың 3-қазанында ШҚ өнер музейі өскемендік суретші Виктор Калининніңкезекті көрмесінің ашылуын өткізді.Бұл суретші -әріптестері мен өнертанушылардың, коллекционерлер мен көпшіліктіңарасында сыйлы да беделді тұлғалардың бірі. «Аясы тар, айтары көп» деген осы көрменің атауын автордың өзі таңдады. Көрменің эмоционалды, жанрлық және стильдік диапазоны, шынымен де, азғантай ғана жұмыстары арқылыавтордың айтар ойының шексіздігінде жатыр.


Көрме жұмыс істейтін екі айдың ішінде Виктор Калининмен бірге ойлануға, балалық шақты еске алуға, Шығыс Қазақстан бойыншаойша саяхат жасауға, өмірге қуануға, алайда оның аққан судай өткінші екендігіне мұңайып та алуға мүмкіндік туады. Ол – қалыптасқан суретші, көпшілік мойындаған шебер, алайда оның кескіндемесі мен графикасы белгілі бір стиль мен жанрға жинақталып қалмаған. Сырт көзге ашық жарқын болғанымен,Калинин басқа суретшілерден ерекшеленіп тұрады. Ол Қазақстан суретшілер одағының мүшесі,сонымен қатар өзіне ғана тән шығармашылық дербестігін сақтаған.

Өзі өнер жолын бастаған шығармашылық дағдарыс кезінде ол Николай Павлович Аштеманың студиясына келеді. Мұндай көмек оған сол кездері, бір ақ рет керек болды. Қазір көп адам сурет өнерінің қыр-сырын оның өзінен үйренгісі келеді. Әсіресе оның пленерлік жұмыстары адам таңданарлықтай. Көрерменнің көз алдында Калинин екі жарым сағаттың ішінде этюд қана емес, толық аяқталған үлкен білдекті туындыны салып шығады.

Виктор Евгеньевич 44-ке толып отыр, Өскемен қаласында туған, үнемі дерлік осы қалада тұрып келеді. Ол жас кезінде электротехника заңдылықтарын оқыған, алты жыл қытайдың ұрыс өнерімен айналысқан, одан кейін шіркеу хорында өлең айтып, иконалар жазған. Оның өмірлік ұстанымы мынадай: ол бір-ақ сәтте қылқалам мен бояуларды лақтырып тастап, ғарышқа ұшуға дайындықты бастап кете алады. Қазір Виктор Евгеньевич балаларын өсіріп, тәрбиелеп отыр, жекежайлармен қоғамдық орындардың қабырғаларына суреттер салады. Оның картиналары жай ғана пейзаж емес, философиялық көзқараспен салынған жер бетінің көрінісі тәрізді. Мәңгі жасыл қарағайлар қытайлық мәңгілік символымен астаса сыбдыр қағады. Натюрморттары «заттардың күнделікті тыныш өміріне» ұқсамайды. Олар сұрғылт бассүйек пен мәңгілік өмірдің символы болып табылатын ашық-қызыл пасха жұмыртқасы арасындағы кереғарлық арқылы сіздің санаңызды дүр сілкіндіруі мүмкін. Асқабақ бір сәттік қана қажеттілікпен өмір сүретін көкөніс - адамның образына еніп кетеді. Бұл суретші сіздерді алаңдатып қойып, келесі сәтте әдемі дала гүлдерінің шоғымен тыныштандыра да алады. Ол жапандықтар сияқты ескі заттарды жақсы көреді, ал оның Жапонияға арнап салған картиналар сериясы бір демде сатылып кеткен болатын. Елуінші жылдардағы жұмсақ ойыншықтар, тігін машинасы, патефон, азамат соғысы кезіндегі саквояж, металдан жасалған конфет салғыш оның туындыларында өтіп бара жатқан уақыттың ерекше көрінісін береді.

Көрменің ашылу салтанатында қылқалам шеберінің атына көптеген тілектер, ыстық лебіздер айтылды. ҮМЗ еңбек ардагері, өнерді аса жоғары бағалаушы Светлана Мордвинова, өнертанушы, этнографиялық музей қызметкері Петр Сушко және басқа да қонақтар сөз сөйледі. ШҚ өнер музейінің қызметкері Лариса Костюк суретшіге музей ұжымының атынан әлі бояуы кеуіп үлгірмеген, қор коллекциясының жуықта ғана жарық көрген «Графика» каталогын сыйға тартты.

Көрмені ұйымдастырушыларкөрерменге суретшінің жан-жақты талантты екенін толық көрсетуге тырысқан. Майлы бояу, пастель, акварель, реализм мен сюрреализм, анималистика мен портретке дейін барлық дерлік жанрлар бар. Суретші жан, ғарыш, өмір мен өлім туралы философиялық сөзжұмбақтарды пластика түрінде дәріптеп, лирикалық әдемі гүлдердің әр түрлісімен дем алады. Көрменің ашылуында келушілерге суретшінің интерьерлік жұмыстары көрсетілді, сонымен қатар, қондырғылы кескіндеме мен графикадан басқа кітап иллюстрацияларының сериясы, кішігірім «бала бұрышынан» суретшінің балалары Арсений мен Софияның алғашқы жұмыстары да көрсетілді.


Лариса Мартынова, ШҚ өнер музейінің қызметкері


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив