KZ
Өскемен
+13°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Әнуарбек Мұхтарханов:- «Латын қарпін үйренудің еш қиындығы жоқ»

22.09.2017, 05:23 141

Латын қарпіне көшу-уақыт талабы. Қоғамда қызу талқыланып жатқан бұл мәселе жайлы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ғимаратында өткен Демократиялық күштердің «Қазақстан - 2050» аймақтық коалициясының отырысында кеңінен талқыланды.


«Мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру және әліпбидің бірыңғай стандартын талқылау туралы» жиынға аймақтық коалиция төрағасы Әнуарбек Мұхтарханов, өңірдегі лингвистикалық орталық, «Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы» мен «Ауыл» социал-демократиялық партиясының облыстық филиалдары мен «Жас Отан» жастар қанатының басшылары қатысты.


- Латын қарпіне көшу арқыты біз мемлекеттік тілді жаңғыртып, қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашамыз. Компьютерлік жаңа технологиялар арқылы әлемдік ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады, - деді Демократиялық күштердің «Қазақстан - 2050» аймақтық коалициясының төрағасы Әнуарбек Мұхтарханов. – Латын әліпбиін үйренудің еш қиындығы жоқ. Бастысы - қазақ тілінің төл дыбыстарын білдіретін сегіз диграфты үйренсе болғаны.

Талқылауға жиналғандар айтып өткендей, латын қарпіне көшу – бұл тағдыршешті іс және тазарған сана, еліміз үшін маңызды қадам. Лингвист мамандардың айтуынша, жаңа әліпбиге көшкен қазақ тілі бәсекеге қабілетті болып, жаңа қырынан дамиды.


-Латын қарпіне көшуге байланысты қоғамда әр түрлі пікірлер айтылуда. Қазақ тілінің бұрын да латын жазуына көшкенін ескерсек, бүгінгі бұл үрдістің халыққа еш қиындық туғызбайтындығына сенім мол. Өйткені латын қарпі араб жазуы немесе кирилл таңбасына қарағанда қолданысқа бейімдірек және қолжетімді, -дейді «Ауыл» социал-демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы Фарид Абитаев. – Ал ауыл мектептерін қажетті оқулықтармен, әдістемелік қосымшалармен қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік деңгейде шешілуі тиіс деп ойлаймын.


Талқылау жиыны соңында аймақтық коалицияның өңір тұрғындарына үндеуі қабылданды. Онда латын қарпіне көшу мәселесіне еліміздің әрбір азаматы атсалысуы қажет деп атап көрсетілген.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив