KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 1 м/с, С
443.72 482.28 4.9

Біздің жігіттер «Ермакты» тізе бүктірді

22.09.2017, 04:23 131

Жоғары хоккей лигасы регулярлық чемпионатының кезекті ойын күні аясында өз айдынында ангарскілік «Ермакты» қабылдаған өскемендік «Торпедо» қосымша уақытта 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Алексей Ждахин шәкірттері турнирлік кестедегі жағдайларын біршама жақсартты.


Естеріңізге салайық, чемпионаттың алғашқы үш ойынында қарсыластарына үш мәрте жол берген жерлестеріміз алғашқы жеңісін өткен, төртінші турда (красноярскілік «Соколды» 4:1 есебімен ұтты) ғана тойлады. Бұдан кейінгі матчта да өскемендік ұжымның асығы алшысынан түсті. Дегенмен, красноярскілік командаға қарағанда Ангарскіден келген хоккейшілер жерлестерімізге тегеурінді қарсылық көрсете білді. Тіпті, кездесудегі алғашқы нәтижелі соққыны да қонақтар жасады. Екінші кезеңнің бел ортасында «Ермак» шабуылшысы Артем Севанькаев қақпашы Роман Смирягиннің қақпасынан саңылау тапты.


Бұған айдын иелері үшінші кезеңнің соңында ғана дәл соққымен жауап бере алды. Шайбаның авторы – шабуылшы Андрей Белозеров. Бір айта кетерлігі, Андрейге нәтижелі пас берген қақпашы Роман Смирягин болды. Осы орайда, өскемендік команданың қақпашысы бұған дейінгі «Соколмен» өткен ойында да голға айналған пастың авторы атанған еді.


Ал ойын тағдырын шешкен соңғы шайбаны овертаймның бесінші минутында «Торпедо» шабуылшысы Денис Игнашин салды.


Жалпы, бұл матчта шайба көп соғылмаса да, торпедолықтар өзіне тән шабуылдаушы ойын өрнегін көрсете білді. Мәселен, қақпаға қарай бағытталған соққылар жағынан жерлестеріміз қонақ командадан 69-23 есебімен басым түсті.


Осы жеңісінен кейін жеті ұпай жинаған өскемендік ұжым турнир кестесінің 17-ші сатысына көтерілді. Келесі кездесуін жерлестеріміз бүгін өз айдынында новокузнецкілік «Металлург» командасымен өткізеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив