KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
442.05 474.14 4.74

ШҚО-да ауыл мектебінің есепшісі 6 жылға сотталатын болды

11.09.2017, 04:13 169


Семей қаласының №2 сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Знаменка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің есепшісіне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қаралды.


Іс материалдары бойынша, есепші әкімшілік шаруашылық қызметтерге және мектептің сеніп тапсырған ақшалай қаражатына ие бола тұра пайдакүнемдік ниетпен 2015 жылдың қаңтар айынан бастап 2017 жылдың мамыр айына дейін «Казначейство клиент» жүйесіне өзінің компьютерімен кіріп, электрондық-цифрлық құлып арқылы «Қазпошта» АҚ-ның жеке шотына және «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның банктік шотына 5 851 125 теңге көлемінде қаражатты аударып алған.


Бұл қаражат Знаменка ауылының жалпы орта білім беретін мектебіне тиесілі екен. Сотталушы бұл иемденген ақшалай қаражатты шоттан шешіп алып, өз қажетіне жұмсаған, деді №2 соттың баспасөз қызметі. Осы қылмыстық іс-әрекетінің салдарынан ол «Знаменка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» ҚММ-не ірі көлемде, яғни 5 851 125 тенге көлемінде материалдық нұқсан келтірген. Сот тергеуі барысында сотталушы өзінің кінәсін толықтай мойындап, келтірілген материалдық нұқсанның бір бөлігін, яғни 1 500 000 теңге көлемде қайтарғанын айтқан.


Семей қаласының №2 сотының үкімімен азамат Б.-ның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте және өзін-өзі басқару мекемелерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылу және 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалыпты. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу шешімі шығарылған. Сонымен қатар сот «Семей қаласының білім бөлімі» ММ-нің пайдасына 4 351 125 теңге көлемінде келтірілген материалдық нұқсанды, 43 511 теңге көлемде мемлекеттің пайдасына мемлекеттік баж салығын және 272 280 теңге көлемінде іс жүргізу шығындарын өндірген.


Үкім заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлады Семей қаласы №2 сотының баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив