KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Өскеменде кәсіпорын есепшісі шоттан 17 миллион теңге жымқырған

12.10.2018, 03:40 172

Өскемендегі кәсіпорындардың бірінің есепшісі ұрлық үшін сотқа тартылды. Бір жыл ішінде алаяқ әйел кәсіпорынның шотынан 17 миллион теңгені жымқырып кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Басшылықтың сеніміне кіріп алып, оларға қызметтік хаттарда коммуналдық қызметтердің қарыздарын жоғары сомада көрсетіп отырған екен. Артылған ақшаны өзінің жеке банк шотына аударып алады. Нәтижесінде бір жылда қылмыстық жолмен ұрланған қаржының сомасы 17 446 000 теңгені құраған.


Сот шешімі бойынша, әйел алаяқтық үшін кінәлі деп табылып, бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотта айыпталушы бас бостандығынан айыру жазасын өзі сұраған екен. Себебі кәсіпорынға келтірген залалды төлей алмайтын көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив