KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 6 м/с, С
471.83 505.66 5.4

«Абу-Даби Плазада» жұмыс істеген 61 шетелдік азамат депортацияланатын болды

8.09.2017, 09:11 145

«Абу-Даби Плаза» құрылыс алаңында қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 60-тан астам үнділік жұмысшы Қазақстаннан депортацияланатын болды.


«Arabtec Holding PJSC» компаниясының басшылығы хабарлағандай, жақын күндері 61 шетелдік жұмысшы (Үндістан азаматтары) «Абу-Даби Плаза» құрылыс алаңында тәртіпті және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін елден шығарылады,олардың арасында 23 адам – бір тәулік ішінде депортацияланады» делінген жұма күні сайтта жарияланған хабарламада.


Бұған дейін хабарланғандай, 2-қыркүйекте Астанадағы «Абу-Даби Плаза» құрылыс алаңының өткізу бекетінде күзет компаниясы қызметкерлері мен шетелдік жұмысшылар (Үндістан азаматтары) арасында тұрмыстық жанжал орын алып,ол жаппай төбелеске ұласқан.Нәтижесінде Үндістанның екі азаматы дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жатқызылды.


Оқиға болған жерге мемлекеттік құрылымдар мен құқық қорғау органдарының өкілдері келді. Жедел қабылданған шаралар нәтижесінде инцидент оқшауландырылды.


interfax.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив