KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1 м/с, С
480.5 534.22 5.18

Зыряндықтар полицияда қызмет етуге қызығушылық танытпай жатыр

26.07.2017, 03:50 43

Аудандағы жергілікті полиция қызметі 70 пайыз көлемінде ғана жасақталған.


Жергілікті тұрғындар полицияда қызмет етуге қызығушылық танытпай келеді, бөлімде қызмет етіп жатқандардың көпшілігі басқа жақтан келген мамандар. Сол себепті оларды баспанамен қамтамасыз ету де мәселе тудырып отыр. Жағдайды өзгерту үшін аудан полицейлері мектеп, колледж түлектерімен, әскерден келген жігіттермен кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Зырян аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы Дмитрий Шилоның айтуынша ауданға учаскелік полицейлер,жол қозғалысы инспекторлары, кәмелетке толмаған жасөспірімдермен жұмыс істейтін бөлім қызметкерлері қажет. Кадр мәселесінің күрделі болып отырғанына қарамастан биыл ауданда қылмыс көлемі 22 пайызға төмендеп отыр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив