100-ден астам шығысқазақстандық ата-аналық құқығынан айырылған
![](/kz/uploads/posts/iblock/f37/f370e86b3eaa3b310a438451768cd1f3.jpg)
Сонымен қатар, ювеналдық полиция тізімінде жыл басынан бері өз ата-аналық құқығын орындамаған 589 ата-ана тұр.
ШҚО ПД ақпараттарына сүйенсек, қолайсыз отбасылармен жұмыс білім және денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп жүргізіледі. Тәртіп сақшылары әсіресе ата-анасы ішімдік ішіп, есірткі қолданатын отбасыларды ерекше назарда ұстайды.
- Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор мекенжайлары бойынша ай сайын тексеріс жүргізеді. Қажет болған жағдайда психологиялық, заңгерлік және әлеуметтік көмек те көрсетеді, - дейді ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Талғат Нұриев. - Тек биыл ғана ювеналды полиция қызметкерлері тарапынан 556 кәмелеттік жасқа толмаған балаға көмек көрсетілді.