KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 2,5 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Кей әкімдер кооперативтер құрудың маңыздылығын әлі де жете түсінбей келеді

13.07.2017, 11:04 69

Аймақтық экономиканың екінші негізгі саласы – ауыл шаруашылығы екені белгілі. Биылғы 6 айда жалпы өнім көлемі 7 млрд. теңге өсіммен 106 млрд. теңгені құраған. Облыс сүт өндіруден республикада көшбасшылық орынды ұстап келеді.


– Сүт қабылдау пункттерінің негізінде кооперация құратын боламыз. Ол - әлемдік тәжірибеде бар дүние. Онсыз біз саланы әлемдік стандарттарға сай алға бастыра алмаймыз. Облыс аумағында үлгілік жабдықтарды шығаратын кәсіпорын құрылған. Бұдан бөлек, жеке қосалқы шаруашылықтарда отардың өнімділігін арттыруға, тауарлы-сүт фермаларын дамытуға шағын несиелер берілуде. Несиелеу сомасы 6 млрд. теңгені құрап отыр. Сүт қабылдау зауыттарының жүктемесі 2015 жылы 29 пайыз болса, өткен жылы 40 пайыздан асты. Алдағы бір жарым жылда 60 пайыздан асуымыз қажет. Ол үшін қалалар мен аудандар әкімдері ағымдағы жылы 38 қанатқақты кооператив құрулары тиіс. Биыл біз құрамына 16-дан кем емес жеке қосалқы шаруашылық кіретін 132 кооператив құруымыз қажет. Бұл қиын да күрделі жұмысты әкімдер атқарып шығуы керек, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.


Алайда, аймақ басшысының келтірген деректеріне сүйенсек, кей әкімдер кооперативтер құрудың маңыздылығын әлі де жете түсінбей келеді.


– Тексерулер қорытындысы көрсеткендей, Көкпекті ауданында сүт қабылдау пункттерінің жұмысын ұйымдастыруда кемшіліктер анықталды. Біз ауылдық әкімдерге не істеу керектігін түгелдей кітапша етіп шығарып, қолдарына бердік. Оларға қалғаны - соны түсіне отырып, іске асыру ғана. Өндірген тауарларымыз бәсекеге қабілетті болуы қажет. Мұның бәрі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталып отыр. Сондай-ақ, облыста 201 мың суармалы жер (егістік жерден 15% ) бар болса, оның 45% немесе 91 мың га ғана пайдалануда. Бұл өте аз. Бір ғана мысал, соңғы бес жылда мемлекеттен облыстың ауылшаруашылық саласына, оның ішінде суармалы жерге 13 млрд. теңге бөлінді. Жыл сайын 150 млн. теңге мөлшерінде суды жеткізіп беру қызметінің құнын қаржыландыруға және жұмыс пен жабдықтар құнының 30% мөлшерінде инвестициялық қаржыландыруға қаражат бөледі. Ал нәтижесі, қайтарымы көңіл көншітпейді. Сондықтан ауылшаруашылық саласындағы аталған тапсырмаларға барлық деңгейдегі әкімдер жауапкершілік алады, әрі бұл үнемі бақылауда болады, жыл соңына дейін инвестициялық жобалар дайындағандары жөн, - деді Даниал Ахметов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив