KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность Штиль
478.93 534.96 5.16

Биыл облыстағы мыңнан астам жаңа пәтерде қоныс тойы өтеді

25.08.2017, 06:13 203

Ағымдағы жылы облыста «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» мыңнан аса салымшысы қоныс тойын тойламақ. Бұл туралы банктің облыстық филиалы директорының орынбасары Жасұлан Құрманғалиев айтып берді.


Қазіргі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін халыққа несие беру нарығында көш бастап тұр. Оған статистикалық мәліметтер нақты дәлел. Өткен жылы берілген барлық ипотекалық заемдардың көлемі бойынша Банктің үлесі 67 %-ды құрайды. Біздің аймақта екінші деңгейлі банктер тұрғын үй сатып алу үшін 10 953 млн. теңге берген болса, оның көп бөлігін, яғни 7 491 млн. теңгесін осы ҚТҚЖБ беріп отыр.


– Ағымдағы жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі іске асырып жатқан барлық тұрғын үй құрылысы бағдарламалары аясында өз үйіне, жекеменшік пәтеріне 1 142 салымшы қол жеткізе алады. «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы бойынша 559 адам, ал тұрғын үй құрылысының «Жайлы тұрғын үй» өңірлік бағдарламасы бойынша – 450 салымшы, банктің «Өз үйім» бағдарламасы бойынша – 133 өңір тұрғындарына өз үйлерінің кілті табысталады, - деді Жасұлан Мұратұлы.


Оның айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасының тұрғын үйге қолжетімді бағадан басқа, басты ерекшелігі – жылдық 5 % көлеміндегі несие бойынша жеңілдігі бар сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ 5,6%). Бірақ, тұрғын үй бағасының 30% көлеміндегі сомасын жинақтау немесе депозитке салу сияқты міндетті талаптарды ескерген жөн.


Қазір «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 360 пәтерлік екі көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүруде және 2018 жылы іске асырылады деп жоспарлануда.


Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама талабына сай келмейтін салымшылар үшін облыста тұрғын үй құрылысының «Жайлы тұрғын үй» өңірлік бағдарламасы әрекет етуде. Оның басты ерекшелігі – салымшының жекеменшік тұрғын үйі болуына шектеу қойылмайды.


– Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өңірлерде «Өз үйім» бағдарламасының жекеменшік бағдарламасын да іске асыра бастады. Өз уақытында оны тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін, тұрғын үйді одан сайын қолжетімдірек етуге, халықтың басым бөлігінің тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндігін арттыру үшін банк әзірлеген болатын. Бағдарламада, сондай-ақ, меншігінде үйдің болуы немесе болмауына шектеу жоқ. Бағдарламаның қосымша ерекшелігі, тұрғын үй бағасының 30%-ы депозитінде жинақталған кезде заем алу мүмкін болады, - деп түсіндірді облыстық филиал директорының орынбасары Ж. Құрманғалиев.


Қазіргі кезде «Өз үйім» бағдарламасы бойынша 2018 жылы іске асыру жоспарланып отырған жобалар да бар. Ол бойынша 876 пәтер банк салымшыларының арасында арнайы баға және несие беру талаптары бойынша бөлінбек.


Бұдан басқа тұрғын үй бағасының 50%-ын жинақтаған немесе өз депозитіне енгізген банктің салымшылары тұрғын үй бағдарламаларына қатыспай-ақ, орта нарықтағы тұрғын үй мүлігін сатып ала алатындығын да Жасұлан Мұратұлы тағы бір мәрте еске салды.


Сонымен қатар 2018 жылы банктің облыстық филиалы 1200 пәтерді іске қосуға ниетті. Филиалдың дайын жобалары мен қол қойылған келісімдері де жоқ емес. Жаңалықтар мен акциялар туралы банктің hcsbk.kz сайтынан немесе ҚТҚЖБ-ның Facebook, ВКонтакте және Instagram (zhilstroysberbank_official) ресми парақшаларына жазылу арқылы да білуге болады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив