KZ
Өскемен
+3°
небольшая облачность Штиль
478.93 534.96 5.16

5 пайыздық несиемен берілетін баспананы кімдер ала алады?

17.07.2017, 08:51 366

5 пайыздық несиемен берілетін баспананы кімдер ала алады?


- Мен Күршім ауылында тұрамын. Жеке меншік үйім бар. Осы үйімді сатып, облыс орталығынан пәтер алсам дегем. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы мемлекеттік бағдарламаға қатысып, 5 пайыздық жеңілдікпен беріліп жатқан пәтерлерді сатып ала алам ба?


Ермек Арғынкелді

Күршім ауданы

Сауалға Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі облыстық филиалының баспасөз қызметі өкілі Жауһар Оразова жауап береді:



-« Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша пәтер сатып алушыға несие қайтарымы жылдық 5 пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен беріледі. Бірақ соңғы бес жыл бойы салымшының атында жеке меншік үйі ( ауылда болса да) немесе пәтері болмауы тиіс және салымшы тұрғын үй бағасының 30 пайызын депозитке алдын –ала жинақтауы немесе бірден әкеліп салуы керек. 5 пайыздық қайтарыммен берілетін несиеге пәтер бөлу үміткерлер арасында жүргізілетін конкурс арқылы анықталады.


Мысалы, жас отбасы « Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 5 пайыздық жеңілдікпен берілетін несиемен 5 миллион теңгеге жаңа пәтер алуы үшін депозитінде 1,5 миллион теңге, яғни, осы пәтер құнының 30 пайызы болуы керек. Бұл ақшаны бірден әкеліп салуға да болады, бірақ конкурс кезінде депозиттің жинақталу мерзімі, онда алдын –ала жинақталған қаржы көлеміне басымдық беріледі.


Несие «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша әр жылдық мерзімге беріледі. Айталық, 5 миллион теңге несиені 15 жылға алса жас отбасы алғашқы 5 жыл бойы ай сайын банкке шамамен 34 мың 800 теңге, қалған 10 жыл бойы 25 мың теңге көлемінде несие қарызын төлеп отырады.


Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Күршім, Зайсан, Аягөз, Үлкеннарын, Зырян аудандарында өкілдері бар, олардың телефондары банк филиалының сайтында көрсетілген. Аудандардағы «Қазпошта» АҚ филиалдары арқылы да депозиттер ашуға болады, толғандырған сауалдарға ақпараттар алу үшін сондай-ақ 8 (7232) 40 26 32 телефоны арқылы да Өскеменге хабарласуға болады. Қазіргі уақытта « Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Өскеменде 360 пәтерге арналған екі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Үйлер 2018 жылы пайдалануға берілмек. Биыл «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы бойынша -559 салымшы жаңа пәтер алады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив