KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 3,1 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

Шығыста қайтажаңғырту бағдарламасы бойынша 296 тұрғын үй жөнделіп бітті

5.07.2017, 09:16 184

Шығыс Қазақстан облысында қайта жаңғырту бағдарламасы бойынша 2018 жылы және одан арғы жылдары жөнделетін көп қабатты тұрғын үйлердің тізімі анықталып жатыр. Алдын–ала жасалып жатқан тізімге әзірге Өскемен қаласынан 14 тұрғын үй, Семей шаһарынан 6 үй енгізіліп отыр.


Сметалық құжаттарға сәйкес келер жылы облыс орталығында жөнделетін бұл 14 үйге 250 млн.63 мың теңге, Семей қаласындағы 6 үйге 102 млн. теңге қаражат жұмсалмақ.


«Облыстық тұрғын үй пайдалану басқармасы» ЖШС мамандарының айтуынша 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын қайта жаңғырту бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстанда 2011-2016 жылдар арасында республикалық бюджеттен бөлінген тікелей трансферттер есебінен 268 тұрғын үй нысаны қайта жаңғыртылды. Тозығы жеткен бұл үйлерді жөндеуге республикалық бюджеттің 2 млрд. 451 млн. теңгесі жұмсалған. Жөндеу жұмыстарына кеткен қаражатты пәтер иелері ай сайынғы коммуналдық төлемдермен бірге қайтарып жатыр.Тұрғындардың өздері қайтарып жатқан сол қаражаттар есебінен 220 млн. теңгеге 28 тұрғын үй жаңартылған. Осы уақытқа дейін аудан орталықтары мен қалаларда барлығы 296 үй қайта жаңғыртылып, жөнделіп отыр.


Бой көтеріп жатқан жаңа үйлер есебінен облыс орталығында, қалаларда бүгінде көп қабатты тұрғын үйлер саны жыл санап артып барады. Олардың ішінде өткен ғасырдың ортасында салынған ескі үйлердің кетеуі кетіп, барған сайын тозып барады. Жертөлесі сасып, үй ішілік жылу жүйелерінің әбден тозғандығынан келген жылуды далаға кетіріп, төбесінен су ағып тұрған ескі үйлердің біразы жөндеуден өткенімен, жөндеу күтіп тұрғаны одан да көп.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив