KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 3 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

WADA Алматыдағы антидопингтік зертхананың жұмысын тоқтатты

3.07.2017, 05:16 137

Дүниежүзілік антидопингтік агенттік (WADA) Алматыдағы антидопингтік зертхана мен Блумфонтейндегі оңтүстікафрикалық допинг-бақылау зертханасының аккредитацияларының күшін жойды, деп жазылған WADA сайтында жарияланған хабарламада.


WADA ақпарына сүйенсек, зерханалар халықаралық стандарттар мен техникалық құжаттар ережесін сақтамағаны үшін аккредитациядан айырылған.


Екі зертханада WADA атқарушы комитетінің шешімі туралы 29 маусымда хабардар етілген, аккредитацияны жою 30 күн ішінде күшіне енеді, делінген хабарламада.


Қазақстандық тарап өз аккредитацияларын қайтарып алу туралы Арбитраждық сотқа 21 күн ішінде шағымдана алады.


Бұрын хабарланғандай, 2016 жылдың 24 маусымында WADA алматылық зертхананың жұмысы төрт айлық кезеңге уақытша тоқтатқан болатын.


interfax.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив