KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 1,9 м/с, Ю
479.05 534.57 5.17

АҚШ Алматыда "бактериологиялық бомба" салуы мүмкін

4.03.2012, 18:00 178


Алматының қақ ортасынан бактериологиялық зертхана салынып жатыр. Америка Құрама Штаттарының қолдауымен бой көтеріп келе жатқан ғылыми мекемеге әлемнің түкпір-түкпірінен қауіпті жұқпалардың қоздырғыштары жинақталмақ.

Қоғам қайраткерлері бұл орталықты бактериологиялық бомбаға теңеп отыр.

Айтуларынша, Ғылыми орталықты бактерологиялық бомба жасауға қатысқан азамат басқаратын көрінеді.

Алайда Қазақ карантиндік және зоноздық жұқпалы аурулар ғылыми орталығының мамандары айналасындағы адамдарға да қоршаған ортаға да зертхананың зияны жоқ деп сендіреді.

Жаңа зертхана Орта Азиялық обаға қарсы ғылыми-зерттеу орталығының аумағынан салынуда. Іргетасының қалануына Қала әкімі Ахметжан Есімов пен АҚШ елшісі қатысқан.

Көлемі 8 мың шаршы метрді құрайтын зертханада 150 маман жұмыс істейді деп күтілуде. Бұл жерге оба, тырысқақ, сібір жарасы, конго-қырым безгегі, доңыз, құс тұмауы сынды тағы басқа қауіпті індеттердің патогендері жинақталып, сақталатынын ғалымдар растап отыр. Жұқпалар ғылыми зерттеуге қажет көрінеді.

СЕЙДІМ ӘУБӘКІРОВ, ҚАЗАҚ КАРАНТИНДІК ЖӘНЕ ЗОНОЗДЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен депрепоцетары бар жер көлемінде қандай жұқпалы қатерлі аурулардың қоздырғыштары бар. Соның барлығын біз осында жинап жатырмыз. Болашаққа керек.
Ал қоғам қайраткерлері зертхананың Алматыда бой көтеруіне қарсы шығып өре түрегелуде. Өйткені құрылыс жүргізу мәселесі қоғамның талқысынан өтпеген. Сейдахмет Құттықам ғылыми орталықты биологиялық бомбаға теңеп отыр. Жоба жасырын жүзеге асырылған соң жұртшылық наразы дейді.

СЕЙДАХМЕТ ҚҰТТЫҚАДАМ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

- Шын мәнінде ертең жер сілкінісі болса міндетті түрде ол биологиялық қару ретінде суда пайда болады. Халықтың бәрі ауырады. Зиялы қауымның 80 пайызы Алматыда, ЖОО осында. Алматы осындай пәлеге ұшыраса бүкіл Қазақстанға зияны тиеді.

Бактериологиялық зертхана АҚШ пен Қазақстан арасындағы мемлекетаралық келісім негізінде жүзеге асқан. Осы тектес орталықтар Грузия, Әзірбайжанда салынған. Референц зертхана салынып біткен соң денсаулық сақтау министрлігіне берілмек. Заманауи қондырғылармен жарақталатын зертханада крематори де қарастырылған. Мұнда қауіпті жұқпалардың қалдықтары өртелмек.

СЕЙДІМ ӘУБӘКІРОВ, ҚАЗАҚ КАРАНТИНДІК ЖӘНЕ ЗОНОЗДЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Тонналап жағатын болса. 5-6 оның еш зияны жоқ. Қолма қол жиналады да кетеді. Түтін шықпайды. Алайда зиялы қауым қауіпті індеттерді жинақтап зерттеумен айналысатын орталықтың қандай бағытта жұмыс істейтіні беймәлім деп отыр. Сейдахмет мырзаның айтуынша зертхананы биологиялық бомба жасауға қатысқан азамат басқаратын көрінеді.

СЕЙДАХМЕТ ҚҰТТЫҚАДАМ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

- Оны басқаратын Қанар Әлібеков деген кезінде бактериологиялық қаруды жасауға қатысқан Кеңес әскерінің полковнигі. Ғылыми институт қызметкерлері бұл ақпардың шындыққа жанаспайтынын жеткізді. Биологилық зерттеулер бейбіт мақсатта, қауіпті індеттің алдын-алу бағытында жүргізілетінін айтады. Зертхана мамандары іріктеуден, арнайы дайындықтан өткен соң ғана жұмысқа қабылданады екен.

СЕЙДІМ ӘУБӘКІРОВ, ҚАЗАҚ КАРАНТИНДІК ЖӘНЕ ЗОНОЗДЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Ешқандай қатысы жоқ. Мұнда келген де емес, біз оны танымаймыз. Осында келіп бұрынғы жұмысын жасамақ болды деген бекер сөз.

Қазақстан халқы шет елге жиі шығатындықтан сол жерден түрлі ауруларды жұқтырып келетіні де жасырын емес. Жаңа орталық сол індеттермен күресу үшін құрылған. Ал қауіпті жұқпалардың қоздырғыштары диагнозды нақты қойып, емдеуге қажет екен. Жыл сайын түрленіп, жаңарып отыратын жұқпаларға қарсы екпелер осы зертханада жасалады. Мамандар қорқудың қажеті жоқ, бұл жұмыспен 60 жылдан бері айналысып келе жатырмыз дейді.

nur.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив