KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2,6 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Өскемендік Ғалымжан Тоқтар бүгін Астанаға жаяу кетті, 1000 шықырымды 16 күннің ішінде жүріп өтпекші

25.05.2017, 18:00 160



Өскемен қаласының тұрғыны Ғалымжан Тоқтар бүгін Өскеменнен Астанаға жаяу кетті. Ол 16 күннің ішінде 1000 шақырымды жүгіріп өтпекші.

Күніне 50-60 шақырым қашықтықты бағындыруды жоспарлаған өскемендік жас, бұл еңбегін «ЭКСПО» көрмесіне арнауды ұйғарыпты. Төрт күннің ішінде Семейге жетіп, ары қарай тас жолдың бойымен жүгіріп отырып Павлодарға, ары қарай арқаның кең жазығымен Астанаға жетпекші. Түн мезгілінде жолдағы қалалалар мен кенттерге құдайы қонақ болып қонып, тынығып алады.

ШҚО спорт басқармасының баспасөз хатшысы Елжан Қайырхановтың айтуынша, Ғалымжан басқарма ұсынған барлық көмектен бас тартқан. Тек «ЭКСПО» көрмесіне кіретін билетті ғана алыпты.
-Медициналық тексерістен өтті де, бүгін таңертең жолға шығып кетті. Қаланың іргесінде тұрған Қабанбай ескерткішінің жанынан ақ жол тілеп шығарып салдық, қазір Ғалымжан жолда кетіп бара жатыр,-дейді баспасөз қызметінің өкілі.

Өскеменнен Астанаға жаяу жүгіріп бара жатқан жігіт туралы кеңінен тағы да жазатын боламыз.

Дарын Нұрсапаров




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив