KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, С
447.25 485.18 4.96

Ауылдағы пошта қызметкері халықтың ақшасын букмекерлік кеңсеге тіккен

13.06.2017, 18:00 179


Көкпекті ауданының Үлкен Бөкен ауылында тұратын «Қазпошта» қызметкері өз жұмыс орнынан ақша жымқырып, оны букмекерлік кеңсе арқылы ұтысқа тіккен.

Пошта бөлімінің бастығы мобильді шоттарға ақша аударуға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе арқылы жұмыс істеуді үйрену үшін, 22 жастағы маманның көмегіне жүгінеді. Бастығын үйрету мен қатар, жас маман пошта шотының логині мен құпия сөзін есіне сақтап қалады.

Бірнеше апта ішінде ол ұялы телефон арқылы 5 миллион теңгені ұтысқа тіккен екен. Бірақ, ойынқұмар жігіттің жолы болмаған сияқты. Соңында 2 миллионға жуық ақшаны әрең тауып, қолда бар қаражатты поштаның шотына қайта аударған. Бастапқыда, жігіт ақшаның жетіспеушілігін жүйелік жасақтама ақауларымен түсіндіргенімен, соңында айласы аспай, өтірігі ашылған болатын.

Сот ісі басталғанша ол жымқырған ақшасын толығымен өтеді. Сот құқық бұзушыны алаяқтық жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен қоса 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Алайда апелляция алқасы сот шешімін шартты мерзімге өзгертті.

Гүлжан Естаева




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив