KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 6 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Жұмыс істеймін дегендерге Тарбағатайда 16 мамандық бойынша 248 жолдама берілмек

12.06.2017, 18:00 159



Үкімет қаулысына сәйкес елімізде кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ауылды жерлерде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қысқа мерзімді курстар өткізілуде. Тарбағатайда жыл басынан бері мұндай курстарға 90 адам қатысқан.

Олар Тарбағатай техникалық колледжінде біліктіліктерін арттырды. Бүгінде тегін ұйымдастырылған курстардың арқасында өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қарасы көп. Мәселен, 20 кіші мал дәрігері, 10-нан астам аспаз, 30-дай сылақшы тұрақты жұмыс тапты. Олардың қысқа мерзімді білім алуына республикалық бюджеттен 25 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген.

Тағы 30 адам қыркүйек айында Өскемен қаласындағы көпсалалы техникалық колледжде ұйымдастырылатын курстарға қатысады деп жоспарлануда. Жалпы, жыл соңына дейін аудан бойынша қысқа мерзімді білім алып, жұмысқа кірісемін деушілерге 16 мамандық бойынша 248 жолдама берілмек.

Қадырбек Кәкімұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив