KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 2 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Курчатов қаласынан ЭКСПО-ға 267 бала барады

8.06.2017, 18:00 135


Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Курчатов қаласынан 267 оқушы барады. Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімінен хабарлады.

Жалпы, биыл шаһарда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға ерекше мән беріліп отырғанын айта кеткен жөн. Мәселен, алдағы уақытта курчатовтық аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың бір тобы облыстық делегация құрамында Адриатика теңізінің жағалауындағы Чезенатико қаласының маңында орналасқан «Ами» лагеріне демалуға барады. Сонымен қатар, Сочи қаласындағы «Жұлдыздар ғаламшары» фестиваліне аттанатын балалардың да тізімі дайын тұр.

Бұдан бөлек, облысымыз бен еліміздің сауықтыру лагерьлерінде 23 курчатовтық бала демалып қайтады деп жоспарлануда.

Нұржан Кенжеұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив