KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
494.95 525.49 5.05

Өскемен көшелерінде бейнебақылау камералары көбейеді, орнату шығыны айыппұлдар есебінен жабылмақ

4.06.2017, 18:00 118


Көлік көп қозғалатын орындарға бейнебақылау орнату мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі аясында жүзеге асатын болады. Облыс әкімдігінде өткен мәжілісте осы жоба егжей-тегжейлі талқыланды.

Бейнетіркеу жүйесін әсіресе көлік ағыны толассыз жүретін қиылыстарға қою жоспрлануда. Бұл көлік айдаушыларды тәртіпке шақырып, ұсақ-түйек апаттардың алдын алады деп күтілуде. Ал бейнебақылау құрылғыларын орнатуға кеткен шығын түскен айыппұлдар есебінен жабылмақ.

Мамандардың айтуынша бұл бейнекамераларға қалың автомобильдің арасынан айыппұлын төлемей жүрген көлік нөмірлерін анықтайтын құрылғы орнатлатын болады. Жоба жүзеге асса, жүргізушілердің көлік тізгінінде еркінсуі тыйылуы мүмкін. Осының арқасында көлік қозғалысында тәртіп күшейіп, көлік апатынан зардап шегушілердің саны азаятын болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу