KZ
Өскемен
+23°
ясно жел 4 м/с, СБ
473.95 513.38 5.5

Шетелге шыға алмай тұрған қазақстандықтар енді айыппұлды кеденде онлайн түрінде төлей алады

22.05.2017, 18:00 214



Қазақстан азаматтары кедендік бақылауды өту кезінде анықталған айыппұл бойынша қарыздарын сол жерде төлей алады, деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов.

"Бүгінде Әділет министрлігімен және "Қазпошта" АҚ мен бірлесіп бұл мәселені шештік. Маусымнан бастап қазақстандықтар айыппұлдарын онлайн режимде төлеуге мүмкіндік беретін қызмет іске қосылады. Айыппұлдарды төлеген сәттен бастап, шетелге шығуға шектеу алынып тасталады", - деді ол сейсенбі күні үкімет отырысында.

"Қазпошта" аталған қызметті маусымда қосуды жоспарлап отыр.

interfax.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив