KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
441.44 473.09 4.75

Орман қауіпсіздігіне жауапты ШҚО-дағы 13 мекеменің материалдық-техникалық базасы жұтап тұр

16.05.2017, 18:00 151



Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайынов облыстағы орман қауіпсіздігіне жауапты 13 мекеменің де материалдық-техникалық базасы жұтап тұрғанын айтады.

Сала қызметкерлерінің саны министрлік бекіткен штаттық нормативтің 63 пайызын ғана құраса, техникалық жабдықталу деңгейі 47 пайыздан аспайды. Ұсақ жабдықтарды айтпағанда, 35 трактор, 17 өрт сөндіргіш, жеті патрульдік көлік қажет.

Басқарма облыс бюджетінен жеті өрт мәшинесі мен төрт шынжыртабан сатып алу үшін қаржы сұрап отыр. Облыс әкімі Даниал Ахметов бұл ұсынысты нақтылап, қаржы бөлуге болатынын атады. Аталмыш шаруа облыс әкімінің орынбасары Д.Мусинге жүктелді.

Есімжан Нақтыбайұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив