Облыстық жастар театрының әртістері екінші республикалық «Балауса» эксперименталды қойылымдар фестиваліне қатысып, «Ең үздік актерлік ансамбль» номинациясына ие болып қайтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының ұйымдастыруымен өткен фесьтивальға тоғыз театр ұжымы қатысқан. Фестивальда қазылық еткен еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Мерғалиеваның айтуынша, облыстық жастар театрының әртістері сахналаған «Қымбатты Елена Сергеевна» қойылымы сәтті шыққан.
– Құрылғанына екі жыл тола қоймаған Жастар театры өзінің алғашқы фестивалінен олжалы қайтты. Жас таланттардың театр әлеміндегі орнын айшықтап, кәсіби біліктіліктерін арттырып отыруына жағдай жасап келетін театр басшылығына алғыс білдіреміз, - дейді Гүлсина Мерғалиева.