KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Алакөлдің жағалауын жөндеуге 550 миллион теңге бөлінеді

27.04.2017, 18:00 119



Шығыс Қазақстанда туризм саласы қарқынды дамып келеді. Әсіресе, облыстың басты туристік нысаны – Алакөлдегі кластерді дамытуға ерекше мән берілуде. Облыс әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша, биыл бұл мақсатқа қомақты қаражат бөлінбек.

– Алакөл – біздің ұлт мақтанышымыз. Былтыр көл жағасында демалып қайтқан қонақтардың саны 250-300 мың аралығында болды. Алдағы жылдары бұл сан еселеп артады. Себебі, көлдің жағалауын жөнге келтіруге 550 миллион теңге көлемінде қаражат бөлмекпіз. Бұған қоса, көлге апаратын жолды да жөндейміз. Демалушылар тұратын қонақ үйлердегі қызмет сапасын да жақсартамыз. Бүгінге дейін 147 қонақ үй иесімен тиісті келісімшарт жасастық, – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысының айтуынша, биыл 36 жылдан бері алғаш рет Осинов асуындағы жол да жөндеуден өтпек. Бұл облыс тұрғындары мен қонақтары Бұқтырма су қоймасына еш қиындықсыз жетулері үшін жасалуда. Сол сияқты, Сібе көлдерінің үшінші көлінде жағажайды абаттандыру жұмыстары қолға алынбақ. Бұл мақсатқа 300 миллион теңге бөлініпті.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив