KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
479.05 534.57 5.17

ШҚО-да сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен екі адам ауруханаға жатқызылды

19.06.2016, 18:00 263




Бүгін ШҚО Ақпарат орталығында облыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусиннің қатысуымен брифинг өтті. Жиында аталмыш мәселенің анық-қанығы туралы айтылды.

17 маусым күні Жарма ауданы, Қалбатау ауылының аурханасына сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен екі адам жатқызылған. Әзірге бір бас ірі қараның бойынан жұқпалы ауруға ұқсас белгілер байқалыпты, малдың еті лабороториялық сараптамаға жіберілген.

-Бірден жедел топ құрылды. Сол күні ауданға барып істің мән-жайын анықтадық. Барлық құжаттар тексерілді. Мал тұрған жер оқшауланып, дезинфекция жасалды. Сібір жарасы ауыруы шықты деп айта алатындай оның нақты белгілері жоқ. Бұл – тек қана күдік. Лабороториялық сараптаманың қорытындысы 27 маусым күні жарияланады,-дейді Дүйсенғазы Мусин.

ШҚО тұтынушылар құқын қорғау департаментінің басшысы Ғазиз Сүлейменовтың айтуынша, ауруханаға жатқызылған малшы мен оның көршісі енді 15 күн бойы дәрігерлер қарауында болады. Олармен араласта болған адамдардың барлығы да бақылауға алынған.

Дарын Нұрсапаров




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив