KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
442.05 474.14 4.74

Тойыңызға Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәліні шақырудың құны қанша?

9.06.2016, 18:00 153



Тойыңызға Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәліні шақырудың құны қанша? 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасы қазіргі уақытта дүркіреп тұрған отандық жұлдыздардың "прайс-парақшасын" жариялады.Сонымен, той-бизнесінде дәурені жүріп тұрған әншілер кімдер және тойдың шырайын келтіретін жұлдыздарды шақырудың құны қанша?

Қайрат Нұртас - $7000;

Төреғали Төреәлі - $4000-6000;

Музарт - $4000-7000;

Ернар Айдар - $2500-3500;

Нұржан Керменбаев - $3000;

Нұрлан Еспанов - $3000;

Мақпал Жүнісова - $4000;

Әлішер Кәрімов - $5000;

Айқын - 700 000-1 200 000 тг;

Абай Бегей, Заттыбек - 1 000 000 тг;

Қыдырәлі-Қарақат - $6000;

"Арай" тобы - $3000;

"Кешью" тобы - 700 000 -1 000 000 тг.


Айта кетсек, "тойға қаншаға шығасыздар?" деген сауалға әншінің көбі жауап беруге қашқақтады. Кейбірі "қатып қалған баға жоқ, келісеміз. Ұсынған бағасы ұнап жатса - шығамыз, ұнамаса - шықпаймыз" деп жауап берді.

Мына жерде көрсетілген бағалардың біріншісі Алматы қаласында өтетін тойларға қатысты болса, екіншісі Қазақстан аумағында өтетін тойларға қатысты. Кейбір әншілер, мәселен, Қайрат Нұртас, Абай Бегей, Заттыбектің ән орындау құны Қазақстан бойынша - бір.

"Кешью" тобының продюсері Баян Есентаева қарамағындағы қыздардың алыс-жақын шетелдерге, тіпті Еуропа мен АҚШ-қа да шығатындарын жасырмады. "Онда, әрине, басқа баға болады", - деді танымал продюсер. Жас әншілердің тойшыл қауым алдында өнер көрсету уақыты 50 минут шамасында.

Ал кей әншілер ұшып-тұруы мен қонақ үйде орналасуда ерекше жағдай талап етеді екен. Мысалы, Қыдырәлі мен Қарақаттың талабы өзге қалада өтетін той болса, олар әуежайдың VIP-есігінен кіріп-шығуы тиіс.

Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүльзира Айдарбекова тойға шақыру бағасын "айта бергенді" жақсы көрмейтінін жасырмады.

"Өздеріңіз білесіздер, Қайрат енді Қазақстандағы ең қымбат әнші ғой", - деді ол бағдарлама тілшісіне.

Қазір "той жұлдызына" айналған Серікболсын Сайлаубек баға жағын "онша біле бермейтінін, оны продюсер шешеді" деп қысқа қайырды. Продюсері бар әншілердің біразы қаржы туралы сауалдардан қашқақтап, продюсерлеріне сілтеді.

Жас әнші Серік Ибрагимовтың продюсері Алтынбек Рахметов: "Халық қанша беруге дайын - сол сіздің құныңыз. Яғни біздің өнерімізді 10 000 мың долларға бағалап жатса, әндеріміз сол бағаға татиды деген сөз. 2000-3000 доллар беріп жатса - біздің бағамыз сол. Онда тұрған ештеңе жоқ. Жалпы қазақ өнер адамдарын ренжітпеген халық қой. Көне заманнан сал-серілерін айлап-апталап жатқызып, еркелетіп, барлық жағдайын жасаған ғой", - дейді ол.

Ал әнші Айқын баға мәселесіне қатысты тікелей жауап беруге бас тартты. Соңғы уақытта әншілердің нәпақасынан мемлекетке түк пайда жоқ деген мәселені көтеріп жүрген салықшыларға сілтеді.
nur.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив