KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
478.93 534.96 5.16

Халықаралық еріктілер форумында Семей жастары марапатталды

12.11.2014, 18:00 281



Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және «Үлес-2020» қоғамдық қорының бастамасымен Өскеменде халықаралық еріктілер форумының ашылу салтанаты өтті.

Халықаралық еріктілер күнін мерекелеуге арналған форумның басты мақсаты - еріктілер қозғалысын дамыту саласында тәжірибе алмасу және Қазақстанда аталмыш қозғалысты дамыту жалпыұлттық жоспары жобасын әзірлеу болып табылады.

Аталмыш форумда Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенттері марапаттауға ие болды. Атап айтсақ, ШҚО әкімінің Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығымен, «Жылдың студент көшбасшысы» аталымымен филология факультетінің студенті, «Қазақстан жастарын қолдау» ШҚО жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрсын Еркебұлан марапатталса, «Жылдың жастар ұйымы» аталымын «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары иеленді. Семей қаласы бойынша бұл ұйымға жауапты аграрлық факультетінің 5-курс студенті Сахариев Ернұр. Сонымен қатар «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Х еңбек маусымының жабылу салтанатының қорытындысы бойынша «Үздік командир» аталымын инженерлік-технологиялық факультетінің 1-курс магистранты Сырым Жұмағали жеңіп алды.

Жеңімпаздарға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің дипломдары және қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Нұрсұлу Саветқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив