KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.71 533.77 5.16

«Торпедо» «Барстың» қақпасына жауапсыз бес шайба соқты

19.01.2016, 18:00 96



Өскемендік «Торпедо» өз айдынында жанкүйерлеріне есте қалатындай керемет «спектакль» көрсетті. Ағымдағы жылдың алғашқы үйдегі кездесуін өткізген жерлестеріміз Қазан қаласынан келген «Барсты» 5:0 есебімен тас-талқанын шығарды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Айта кету керек, жергілікті жанкүйерлер бұл ойында сүйікті командаларының сапына жаңадан келіп қосылған хоккейшілердің шеберлігін тамашалауға мүмкіндік алды. Олар: Евгений Фёдоров, Антон Полещук, Сергей Сентюрин, Владимир Коротков сынды мықтылар еді.

Есепті бірінші бестіктің қорғаушысы Станислав Тунхузин ашты. Матч басталысымен-ақ ойын тізгінін өз қолына алған ол командаластарының шығарған пасын ұтымды пайдаланып, мергендігімен көзге түсті. Осы есеппен матчтың бірінші кезеңі аяқталды.

Екінші кезеңді де қонақтар әдеттегідей қарқынды бастады. «Барстың» жас перілері қорғанысты ұмытып, шабуылға көшті. Алайда, қарсыластың мұндай ойын тактикасын тәжірибесі мол «торпедолық» жігіттер өз пайдаларына жаратты. Қонақтар қорғаушысының қателігінен соң, Евгений Рымарев таблодағы есепті еселеді. Нәтижелі пастың авторы - Александр Шин.

Кездесудің үшінші кезеңі қазандықтар үшін нағыз қиын сәт болды. Ойынның 45-ші минутында Егор Кутугин қанжығасын майласа, артынша Досжан Есіркенов пен Александр Шин таблодағы есепті 5:0-ге дейін жеткізді. Сөйтіп, «Торпедо» хоккейшілері қазандық «Барстың» қақпасына жауапсыз бес шайба соғып, Борис Александров атындағы Спорт сарайын лық толтырған жанкүйерлердің төбесін көкке жеткізді.


Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив